Кұпиялылық саясаты
PrimeMotion Fit фитнес-орталығының жеке деректердi қорғау және құпиялылық саясаты
1. Жалпы ережелер Бұл жеке деректердi өңдеу саясаты Қазақстан Республикасының «Жеке деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы №94-V Заңына және басқа да нормативтiк-құқықтық актілерге сәйкес жасалған.
2. Негізгі ұғымдар PrimeMotion Fit — фитнес қызметтерін көрсететін мекеме. Қызметтерге өздігінен немесе жаттықтырушымен бірге өткізілетін жаттығулар, топтық бағдарламалар, сауықтыру бағытындағы жаттығулар жатады.
Тапсырыс беруші — жеке тұлға, Клубтың қызметтерін тұтынушы.
Жеке деректер — белгілі немесе анықталатын тұлғаға қатысты кез келген форматта сақталған ақпарат.
Жеке деректерді өңдеу — деректерді жинау, сақтау, пайдалану, тарату, бұғаттау немесе жою процесі.
Құпиялылық — Клубқа тиесілі ақпараттың жария етілуіне жол бермейтін шаралар жиынтығы.
3. Жиналатын жеке деректер Клуб келесі жеке деректерді жинайды:
Аты-жөні;
Туған күні;
Фотосуреті;
Жеке куәлік нөмірі (қажет жағдайда);
Байланыс нөмірі;
Электрондық пошта мекенжайы.
Барлық деректер тапсырыс берушінің өзінен алынады.
4. Өңдеу және сақтау тәртібі 4.1. Деректерді өңдеу мақсаттары — Клуб қызметтерін көрсету. 4.2. Деректерді өңдеу келісімшарт негізінде жүзеге асырылады. 4.3. Өңдеу аралас түрде (қағаз/электронды) жүргізіледі. 4.4. Жұмысқа тек арнайы жауапты қызметкерлер ғана қатыса алады.
5. Жеке деректерді пайдалану және беру 5.1. Деректер тек қызмет көрсету шеңберінде қолданылады. 5.2. Деректерді беру кезінде үшінші тараптар құпиялылықты сақтауға міндетті. 5.3. Телефон не пошта арқылы ақпарат беруге жол берілмейді. 5.4. Деректер заң бойынша, құқық қорғау органдарына немесе келісіммен ғана берілуі мүмкін.
6. Қорғау шаралары 6.1. PrimeMotion Fit деректерді қорғауға қатысты техникалық және ұйымдастырушылық шаралар қабылдайды:
лицензияланған бағдарламалармен жұмыс;
жеке құпия сөздер арқылы қолжетімділік орнатылады.
7. Құпиялылық 7.1. Жеке деректер құпия ақпарат болып саналады. 7.2. Клуб олардың үшінші тұлғаларға таратылуына жол бермейді. 7.3. Қызметкерлер құпиялылық режимін сақтауға міндетті. 7.4. Қағаз және электронды форматтағы деректерге бірдей құпиялылық шаралары қолданылады. 7.5. Деректер иесi келiсiм бергенде ғана жария бола алады.
8. Жауапкершілік 8.1. Клуб деректер қауіпсіздігі үшін жауапты. 8.2. Қызметкер деректерді қорғау бойынша жеке жауапкершілікке ие. 8.3. Кез келген тұлға шағым түсіру құқығына ие. Шағымдар 3 жұмыс күні ішінде қаралады. 8.4. Клуб уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жасауға міндетті. 8.5. Заң бұзушылықтар үшін жауапкершілік ҚР заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Жарияланған: 2025 ж. Жариялаған: «PrimeMotion Group» ЖК БСН: 250340006572 Мекенжай: Алматы қ., Сейфуллин даңғылы, 531 Электрондық пошта: [email protected]